«Әйеліне сабыр берсін»: ашық киінген қызбен құшақтасқан Төреғали Төреәлі сынға қалды (видео)

23 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Видеодан скриншот

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тағы да халықтың қатаң сынына ұшырады. Бұл жолы әншінің бейтаныс бойжеткенмен құшақтасқан сәті желіде тарап, жұрттың наразылығын тудырды, деп Sportinside.kz тілшісі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған видео

Видеода ашық киінген жас қызбен жылы қарым-қатынаста тұрған Төреғали Төреәлінің әрекеті көпшілікке ұнамай қалды. Видеодан әншінің ыңғайсыз күйге түскені байқалады, ал қыз оған еркіндікпен жабысып тұрғаны көрінеді.

Желі қолданушылары не дейді?

Пікір қалдырғандар отбасылы азаматтың бұл қылығы артық екенін айтып, әсіресе оның жарына жанашырлық білдірді:

«Әйеліне сабыр берсін, оңай емес мұндайды көру»

«Өз әйелін жауып тастап, жалаңаш қызбен құшақтасып жүргені ұят емес пе?»

«Қарындасым, қарлығашым деп еркелеткен түрі шығар...»

«Қыздың өзі жабысып тұр, бірақ Төреш те шетте тұрған жоқ»

«Мына қылығын көріп, не дейміз енді? Атағы өскен сайын абырой кеміп бара жатыр»