"Мейрамбекті жамандыққа қимаймын": Тоқтар Серік досымен құда болғысы келмейтінін айтты

22 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

2025 жылдың 22 маусымында әнші Тоқтар Серік қазақстандық өнерсүйер қауымды бір мезетте таңдандырып та, ойландыртып та тастады. Ол "Әйгерім Сейфолланың сырласуы" бағдарламасына берген сұхбатында Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев туралы шынайы әрі жүрекжарды пікір білдірді.

"Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Мен онымен егіз болып өскенмін", – деді Тоқтар Серік.

Ол Мейрамбекпен арадағы бауырмалдықты сөзбен жеткізу қиын екенін, егер болашақта балалары жарасып, құда болу мәселесі туындаса, өзін "үлкен депрессияға түсіп қалуым мүмкін" деп тұспалдады.

"Құда болу емес, достықты сақтағым келеді"

Тоқтар Серік құда болу – үлкен жауапкершілік екенін, ал достық – рухани жақындық екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мейрамбек пен Сәкенмен арада қалыптасқан жылдар бойғы сенім мен шынайы жақындық "құда болу" сияқты ресми қарым-қатынастан да биік".

"Қазақша айтқанда, жауға да, дауға да бермеймін. Құда болайын десем, өкпешіл қазақпыз ғой… Болмайтын дүниеге өкпелеп қойсақ, өмірдегі ең қиын нәрсе осы", – деді ол.