Әлемнің екінші ракеткасы – испандық Карлос Алькарас 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ATP рейтингінің көшбасшысы Янник Синнерді жеңіп, өзінің кезекті Гранд Слам титулын иеленді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Матч барысында Алькарас екі сет қатарынан ұтылып жатты, бірақ үшінші партиядан бастап шеберлігін көрсете білді. Ол келесі үш сетте жеңіске жетіп, ойын тағдырын түбегейлі өзгертті.
Финалдың есебі: 4:6, 6:7 (4), 6:4, 7:6 (3), 7:6 (10-2)
Жалпы ойын 5 сағат 31 минутқа созылып, Франция Ашық чемпионаты тарихындағы ең ұзақ әрі шиеленісті финалдардың біріне айналды. Бұл – Алькарас үшін карьерасындағы бесінші «Үлкен дулыға» титулы. Испандық теннисші өткен жылы да дәл осы турнирде жеңіске жеткен болатын.