"Хайп үшін": аттестатын әкесінің бейітіне апарған түлек желіде қызу талқыланды (видео)

22 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
SN.kz

Әлеуметтік желіде мектеп түлегінің бейнежазбасы кең тарады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода бойжеткен аттестатын қолына алып, марқұм әкесінің қабіріне барып, көз жасын әрең тияды. Алайда бұл әрекет қоғамда әртүрлі пікір тудырды.

Бірі оның әке рухына құрмет көрсеткенін айтып, қолдау білдірсе, енді бірі зират басындағы мұндай видеоларды жариялауды «хайп» деп бағалап, сыни пікір білдірді.

Желі қолданушыларының кейбірі:
– «Бәрі камераға қарап жылап, видео түсіруді әдетке айналдырды. Әруаққа құрмет қайда?» – десе,
тағы біреулері:
– «Әкесінің қабіріне баруы – үлкен құрмет. Әркім өз қайғысын қалай жеткізгісі келеді, өзі біледі» деп қызды жақтап жатты.

Сондай-ақ, кей пікір иелері зиратқа барғанда киім үлгісіне де мән беру керектігін ескертті:
«Басыңа орамал тартып, ұзын киім киіп барғаның жарасар еді» деген кеңестер айтылды.