«6-7 жыл бұрын алған»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқал алғаны жайлы қауесет тарады

22 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Белгілі әзілкеш, қоғам қайраткері Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны жайлы қауесет TikTok желісінде кеңінен тарап, жұртшылық арасында қызу талқылануда. 

TikTok қолданушылары әзілкештің жеке өмірі туралы түрлі пікірлер жазып, оқиғаға байланысты өз ойларын ашық білдірген. Әлеуметтік желіде тараған жазбаларда:

«Мөлдір жас, аңғал еді. Тұрсынбек оны бұзды, психологиялық тұрғыда сындырып тастады»;

«Оның екінші әйел алғаны кеше емес, 6-7 жыл бұрын болған дүние. Сол үшін Мөлдірді көпшілік алдына шығарып, өнер мектебін ашып берді. Мөлдір бұл жағдайды сол уақыттан бері біледі. Халыққа енді ғана жетіп жатыр»;

«Тұрсынбектен ондайды күтпеп едім»;

«Мөлдір қазір жалғыз қалып қойды»;

«Мен жұмыс істейтін мейрамханаға ол жас қызбен келген» – деген сияқты пікірлер жазылып жатыр.