Хабибтің ықпалы ма, әділетсіз төрешілер ме: UFC-дегі қазақ батыры Азат Мақсұмға қиянат жасалды

Бүгін, 02:21 / Ахмет Қанатұлы
Ed Mulholland/Zuffa LLC. Суретте: Тагир Уланбеков пен Азат Мақсұм

21 маусымда Баку қаласында өткен UFC on ABC 8 турнирі аясында аса жеңіл салмақтағы файтерлер – қазақ жауынгері Азат Мақсұм (15‑2) мен дағыстандық Тагир Уланбеков (17‑2) кездесу өткізген болатын, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алайда спорт жанкүйерлері мен сарапшылары бұл кездесуде дағыстандық файтер айқын жеңіске жетпегенін алға тартып, әділетсіз шешім болды деп санайды. Спорт порталдарының бірі – Sports.kz бұл жекпе-жекті жан-жақты талдап, Азат Мақсұмның әділ жеңісіне төрешілер кедергі болған деп санайды.

Азат Мақсұмның басымдығы айқын

Бірінші раундта Азат үш рет тэйкдаунды керемет жүзеге асырып, тұрып төбелесуде де белсенді, соққылары да дәл тиді.

Екінші раундта Тагир Уланбеков үстемдік танытса да, бұл көбінесе тек барлау-бақылау деңгейінен әрі аспады. Азат Мақсұм қарсыласының соққыларын өткізіп алғанымен, есесіне қарымта шабуылда соққыларын дөп тигізе білді.

Үшінші раунд – Азат Мақсұмның пайдасына шешілуі керек болған: бұл кезеңде отандасымыз тағы екі тэйкдаун, дөп соққылар жасап, қарсыласын оңды-солды лақтырып, біраз есеңгіретіп тастады.

Статистикалық көрсеткішке сүйенсек, Азат Мақсұм қарсыласынан оқ бойы озық тұрды.

Төрешілердің шешімі әділетсіз

Дегенмен, жекпе-жекті бағалау әділетсіз болды: екі төреші Тагир Уланбековқа 30‑27 (яғни барлық раундты жеңді деп), үшінші төреші 29-27 деп берді. Осы шешімнен кейін бұл кешке жиналған жанкүйерлер өздерінің наразылықтарын білдіріп, улап-шулап кетті.

Неге төрешілер осындай шешім шығарды?

Sports.kz порталының пікірі бойынша мұнда Тагир Уланбековтың бұрышында көмектесіп тұрған UFC-дің бұрынғы файтері Хабиб Нурмагомедовтың және қазіргі чемпион Ислам Махачевтың ықпалы болуы мүмкін. 

Бұл жекпе-жектің әсері және болашаққа көзқарас

Төрешілердің дәл осындай әділетсіз шешімі Тагир Уланбековтың рейтингтегі 12‑орнына еш оң өзгеріс әкелмейді.

Азат Мақсұм үшін бұл нәтиже кері әсерін тигізбейді. Қазақ жауынгері мұны психологиялық сәтсіздікке айналдырмай, келесі кездесулерінде жеңіске жетуге тырысады. Ол келесі айқастарында жанкүйерлер мен сарапшылардың сенімін ақтауға тиіс.

Тэгтер:

Азат Мақсұм Тагир Уланбеков Азат Мақсұм жеңіліс Азат Мақсұм UFC Тагир Уланбеков пен Азат Мақсұм Тагир Уланбеков – Азат Мақсұм