Актриса әрі блогер Әсел Асқар Instagram желісіндегі ресми парақшасында анасымен түскен видеосын жариялады.
Алайда анасы екеуінің видеосы бей-жай қалдырмады. Желі қолданушылары бір-бірінен әсерлі, түрліше пікір қалдырып, анаға деген сағыныш пен құрметін білдірді.
Бұл сәт біреулер үшін жүрекке жылулық сыйласа, енді бірі ерсі әрекет ретінде қабылдады.
Сын айтқандар: «Тым еркелік, артық қылық»
Желі қолданушыларының бір бөлігі видеоны ерсі көріп, ашық түрде сынға алды:
«Біртүрлі екен...»
«Неге екенін білмеймін, маған ерсі көрінді...»
«Басқаша құшақтаса да болар еді ғой, қазір жұрт шектен шығып барады...»
Мұндай пікірлер қоғамда аналық махаббатты еркін білдіруге деген көзқарастың әлі де әркелкі екенін аңғартады.
Сағынышқа толы пікірлер: «Анамды қатты сағындым»
Көптеген қолданушы видеоны көріп, қайтыс болған аналарына деген сағынышын жасыра алмады. Тіпті кейбірі ішкі сезімін бөлісіп, көздеріне жас алғанын жазды:
«Анам қайтыс болғанына 2 жыл болды... Қатты сағынып жүрмін...»
«Менің де анам жоқ. Қызым үнемі иіскеп, құшақтап жатады. Іштей қорқамын – "ананы иіскеп алшы" деп тұрғандай көрінеді...»
«Анамды иіскемей тұра алмайтын едім. Қайтыс болғанына 16 жыл өтсе де, күнде жылаймын...»
Бұл пікірлер –ананың орны бөлек екенін және аналық мейірімді ештеңе алмастыра алмайтынын дәлелдейді.
Жылы қабылдағандар: «Ананың иісі – тыныштықтың иісі»
Желідегі пікірлердің басым бөлігі бұл видеоны ерекше мейіріммен қабылдаған. Қолданушылар аналық махаббатты шынайы түрде білдірудің еш әбестігі жоқ екенін айтады:
«Өте нәзік, өте шынайы видео»
«Осындай қарым-қатынасты көргенде сүйсінесің...»
«Анам болса, мен де осылай иіскеп, құшақтар едім...»
«Қандай жас көрінеді анасы! Нағыз сұлулық пен жылулық иесі...»