UFC турнирі: Азат Мақсұм – Тагир Уланбеков жекпе-жегін қайдан көруге болады?

21 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
IG/adicto_al_ufc. Суретте: Азат Мақсұм

Бүгін, 21 маусымда Әзірбайжан астанасы Бакуде алғаш рет UFC турнирі өтеді. Бұл – тарихта тұңғыш рет Әзербайжанда ұйымдастырылып отырған UFC кеші. Sportinside.kz тілшісі жекпе-жектерді қайдан және қалай көруге болатынын хабарлады.

Турнир қашан басталады?

Жалпы, турнир аясында 12 жекпе-жек өтеді.

Бұл турнирде Қазақстан намысын жеңіл салмақтағы жауынгер Азат Мақсұм (15-1) қорғайды. Ол бұл турнирде Хабиб Нурмагомедовтің командаласы ресейлік Тагир Уланбековпен (16-2) кездеседі.

Турнирдің негізгі кестесі бойынша Азат Мақсұм – Тагир Уланбеков арасындағы жекпе-жек екінші болады. Жоспар бойынша бұл айқас Астана уақыты бойынша шамамен 21:30-да басталады.

Жекпе-жекті қайдан көруге болады?

Бұл турнирді төмендегі платформалардан көруге болады: