Шерзат Полатқа қатысты тергеу ісінде жаңа деректер белгілі болды. Адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, Айтбек Амангелді бұған дейін ешқандай қаржы алмағанын айтқанымен, шын мәнінде QANTAR қорымен келісімшарт жасап, қаламақы алған. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Шекеевтің айтуынша, QANTAR қоры мен Амангелді арасында нақты келісім жасалған. Қор өкілдері істі өз қорғауына алған уақытты нақтылап, алдыңғы адвокатпен келісімді тоқтатуды көздеген.
– Олар менің қорғауға қашан кіріскенімді анықтауға тырысты. Себебі бұрынғы заңгермен арадағы қаржылық есеп-қисапты аяқтауға мүдделі болды. Айтбек ешқандай ақша алмадым десе де, қор басшылығы оған төлем жасалғанын растайтын аудиожазбалар мен құжаттар барын айтты, – дейді Шекеев.