33 жастағы ер адам өзінің енесін ауыр затпен ұрып, қайғылы жағдайға алып келді

21 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Ош облысының Қара-Суу ауданында адам өлтірді деген айыппен 33 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы 21 маусымда Ош облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 20 маусымда Мады ауылында орын алған. Қылмыскер өз үйінде әйелі мен енесін ауыр затпен ұрып-соққан. Нәтижесінде әйел адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал енесі оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 122-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа күдікті ретінде 1991 жылы туған, Қара-Суу ауданының тұрғыны К.А. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.