"Жаңа адаммен жаңа үйде": Қайрат Нұртастың әйелі көпшілікті алаңдатып қойды

21 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол жаңа баспаналы болғанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.

Бейнежазбада актриса: «Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір» деп жазып, өміріндегі жаңа кезеңнің басталғанын меңзеген.

Сондай-ақ, ол соңғы бір жыл ішінде өмірінде қиындықтар аз болмағанын ашық айтып, жанкүйерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.

"Бұл бір жылда жанымды ауыртқан сәттер көп болды. Денсаулығым сыр берді, жан дүнием күйзелді, сатқындықты бастан кештім. Бірақ бәріне төзіп, сынбай, ешкімге шағымданбай, қайта тұрып, алға қарай жүре алдым. Осы жолда мені үнсіз қолдаған, дұға жасаған, жылы сөз айтқан әр адамға ризамын. Менің шынайы оқырмандарым – сіздерсіздер", – деді Жұлдыз өзінің жүрекжарды жазбасында.