"Аулақ жүрсін": Қаржаубай халықты алдағандар жауап беруін сұрады (видео)

20 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Ulysmedia.kz

Қазір Қаржаубай Нұрымов отбасымен Талғарда ата-анасымен бірге тұрып жатыр. Былтыр олардың үйін біреулер өртеп жіберген еді. Кейін әкімдік Шерзаттың отбасына үй салып беруге уәде берген. Бірақ бұл әлі орындалған жоқ.

«Мен әкімдіктен сөйлескенім жоқ. Керісінше, салып бермей-ақ қойсын, аулақ жүрсін дегенмін. Өздері сөз берді. Маған емес, халыққа сөз берді. Енді өз сөздеріне өзі жауап беруі керек. Халықты алдамауы керек қой», – деді бұл туралы Нұрымов.