Қазақ жауынгерлерінен қазіргі таңда UFC-ге кімдер бара алады?

20 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Дияр Нұрғожай

Қазақстандық Octagon MMA лигасының президенті Нураддин Садыков YouTube-тегі «Azamat Sport» арнасына берген сұқбатында UFC-ге өтуі мүмкін қазақстандық файтерлердің есімдерін атады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Садыков пікірінше UFC-ге ең жақын тұрғандар:

– Аян Тұрсын – Қазақстандағы ең танымал әйел файтерлердің бірі. Президенттің айтуынша, Аян UFC-мен келіссөзге өте жақын тұрған. Алайда соңғы жекпе-жектен кейін бұл процесс кейінге шегерілген.

«Аян бойынша бәрі өте жақын болды. Бірақ соңғы жекпе-жегінен кейін бәрі кейінге қалды», – деді Садыков.

– Сүндет Айтқұл – Octagon лигасының чемпионы. ММА мамандары оның стилін UFC-ге лайық деп санайды. Оның 10 жеңісінің барлығы мерзімінен бұрын аяқталған.

«Сүндет өте тартымды стильде жұдырықтасады. Барлық жеңістері мерзімінен бұрын аяқталған – бұл UFC-ге ұнайды».

– Абай Жалал – болашағынан зор үміт күттіретін спортшы. UFC-ге өту мүмкіндігі бар деп саналады.

– Саят Абдуали – есімі жиі аталып жүргенімен, Садықовтың пікірінше, оған әлі ерте. «Көп айтылады, бірақ менің ойымша, ол үшін уақыт керек».

– Руслан Касымалы Уулу – қырғыз спортшысы болса да, Octagon-да танымал. UFC-ге өтетін шанстары бар.

Қазір UFC-де кімдер бар?

Қазіргі таңда UFC-дің ресми ростерінде Қазақстаннан алты спортшы бар:

Тэгтер:

UFC UFC файтері файтер жауынгер қазақ жауынгері