"Қайталанбас сұлулық": Сабина Алтынбекова көпшілікті өзінің сұлулығымен тамсандырды (фото)

8 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/altynbekova_20. Суретте: Сабина Алтынбекова

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Instagram парақшасында жаңа фотосуреттерімен бөлісіп, жанкүйерлерін тәнті етті. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Сабина демалыс күндерін ерекше стильмен өткізгенін байқатты. Ол жариялаған фотоларында ақ түсті элегантты көйлекпен көпшілік алдына шыққан. Желіде жарияланған жазбасында:

«Демалыс күндері өте мазмұнды өтті», – деп жазды спортшы қыз.

Ақ көйлек Сабинаның сымбатты мүсінін айқын көрсетіп, нәзік әрі аристократтық болмысын ерекше аша түскен. Жанкүйерлер де бұл көрініске бейжай қалған жоқ:

«Бірегей әрі қайталанбас»,
«Қазақстандағы ең сұлу ару»,
«Барлық қыздар осындай көркем болса ғой»,
«Сымбатты, нағыз аристократка», – деген жылы лебіздер пікірлерде жазылды.

Сабина Алтынбекова – Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен танымал спортшы. Оның сұлулығы мен спорттағы жетістіктері қатар бағаланып келеді. Ол халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап қана қоймай, өзіндік стиль, имидж қалыптастырған тұлға ретінде де танымал.

Тэгтер:

волейболшы қыз Сабина Алтынбекова Сабина Instagram Сабина Алтынбекова фотосессия