"Сенен ештеңе шықпайды": қазақ боксшысы 9-сыныпта мектептен қуылғаны туралы айтты (видео)

19 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Фарух Тоқтасынов

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Фарух Тоқтасынов YouTube-тегі «Спорт Министрі» арнасына берген сұқбатында 8-сыныпта оны спорт мектебінен қалай шығарып жібергенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

«Мен Алматыдағы «Шаңырақ» спорт мектебінде оқыдым. 8-сыныпта сол жаққа түстім, 9-сыныптан соң мектептен шығарып жіберді. Маған хабарласып: «Сені шығарамыз, құжаттарыңды алып кет» деді. Неге екенін сұрасам: «Сенде потенциал жоқ, сенен боксшы шықпайды» деді. Мен тек «жақсы» дедім де, құжаттарымды алып кеттім», – деді Фарух Тоқтасынов.

Сол кезде оның жаттықтырушысы басқа адам болған. Бірақ тағдыр тәлкегіне мойымаған жас спортшы нағыз еңбек пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Бүгінде Фарух – 2025 жылғы «Странджа кубогының» күміс жүлдегері, бұл жарыс әлемдік деңгейде «кішкентай әлем чемпионаты» деп есептеледі.

Айта кетейік, финалда ол тәжірибелі әрі титулды қарсылас, ұлттық құраманың лидері Абылайхан Жүсіповке жол берді.

Тэгтер:

Фарух Тоқтасынов Фарух Тоқтасынов бокс Фарух Тоқтасынов мектеп