Белгілі ММА шебері Ануарбек Мотиватор бокс жаттықтырушысы Мұхит Амантаев туралы тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі хабарлайды.
Ануарбек Мотиватор YouTube желісіндегі ресми парақшасында Мұхит Амантаевтың жекпе-жектен қашқанын айтып, оны балағаттады.
"Бәрі түсініксіз. Басында Мұхит екеуміз жекпе-жекке шығамыз дедік. Алматыға келдік. Ешкім бастапқыда жекпе-жектен секірмедім. Бірақ ұйымдастырушылар билет өтпей жатыр деп жекпе-жекті тоқтату керек болды дейді. Қыркүйекке қалдырды дейді. Көрейік енді.
Бұл жекпе-жекті қазақ елі күтті. Бірақ Мұхит соңында шаршап кеттім дейді. Мен шаршамадым. Мен қазақ елі үшін шығып төбелесемін", – деді Ануарбек Мотиватор.
Кейіннен Instagram желісінде ол: "Шыбын" деген лақапаты бар Мұхит жекпе-жектен секіріп кетті. Мен шынымды айтамын", – деді.