Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Таиландты жеңді

19 қыркүйек, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы. Фото: Андрей Ударцев / Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның ерлер теннис құрамасы Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобы аясында Астанада өткен матчта Таиланд құрамасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қарсыластық Астанадағы хард төсенішінде өтті. Бірінші күннен кейін Александр Шевченко мен Тимофей Скатов жекелей кездесулерде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алда тұрған.

Алайда сенбі күні Таиланд теннисшілері есепті теңестірді. Алдымен жұптық сында Пручья Исаро мен Максимус Джонс Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеевті 6:4, 3:6, 7:5 есебімен жеңді.

Одан кейін Александр Шевченко Касидит Самрейге 6:1, 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Осылайша жалпы есеп 2:2 болды.

Қарсыластықтың тағдырын Тимофей Скатов пен Максимус Джонс арасындағы шешуші матч анықтады. Үш сетке созылған кездесуде қазақстандық теннисші 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы Таиландты жалпы есепте 3:2 есебімен жеңіп, Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Тэгтер:

Қазақстан Теннис Дэвис кубогы