Тимофей Скатов Дэвис кубогында Қазақстанның басымдығын арттырды

Бүгін, 01:19 / Ахмет Қанатұлы
Тимофей Скатов. Фото: Андрей Ударцев / Қазақстан теннис федерациясы

Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның үшінші ракеткасы Тимофей Скатов Дэвис кубогында Таиланд құрамасына қарсы өткен кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Екінші дүниежүзілік топ аясындағы матчтар Астанада хард төсенішінде өтіп жатыр. Екінші жекелей кездесуде Тимофей Скатов пен Касидит Самрей кортқа шықты.

ATP рейтингінде Скатов 198-орында тұрса, оның қарсыласы 387-сатыда орналасқан.

Кездесу екі сетке созылып, екінші партия тай-брейкпен аяқталды. Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 48 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Скатов бес эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол бермеді. Сондай-ақ ол екі брейк-пойнт мүмкіндігінің екеуін де сәтті пайдаланды.

Тэгтер:

Теннис Тимофей Скатов Дэвис кубогы