Азиада-2026: 19 қыркүйекте Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығады

Бүгін, 00:30 / Ахмет Қанатұлы
Азиада-2026, Азия ойындары. Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

Сенбі, 19 қыркүйекте Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Бұл күні Қазақстан әйелдер гандбол құрамасы да турнирдегі алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Азия ойындарының салтанатты ашылуы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады. Рәсім Нагоя қаласындағы «Палома Мидзухо» стадионында ұйымдастырылады.

Қазақстан құрамасының Мемлекеттік туын Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінің өкілі Сарвиноз Миркадирова алып шығады.

19 қыркүйектегі спорттық жарыстар ашылу салтанатына дейін аяқталады.

Қазақстан құрамасы қашан ойнайды?

Бұл күні Қазақстан атынан әйелдер гандбол құрамасы сынға түседі. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, оған жеті команда қатысады.

Гандбол, әйелдер:

06:00 – Қазақстан – Қытай.

19 қыркүйектегі өзге жарыстар

Қазақстан спортшылары қатыспайтын бірқатар жарыстар да өтеді.

Текбол:

06:00 – әйелдер арасындағы жартылай финал;
06:30 – әйелдер жұбы арасындағы жартылай финал;
07:00 – аралас жұптар арасындағы жартылай финал;
07:30 – ерлер арасындағы жартылай финал;
08:00 – ерлер жұбы арасындағы жартылай финал.

Баскетбол, әйелдер, топтық кезең:

06:00 – Таиланд – Қытай (А тобы).

Гандбол, әйелдер:

06:00 – Гонконг – Оңтүстік Корея;
08:00 – Жапония – Вьетнам.

Тэгтер:

Азия ойындары Азиада-2026 Азия ойындары кестесі