Белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлеймен қайтыс болды

Бүгін, 17:16 / Ахмет Қанатұлы
Ғалым Сүлеймен. Фото: әлеуметтік желіден (Фото ЖИ арқылы өңделген)

Қазақстандық белгілі журналист, спорт комментаторы Ғалым Сүлеймен өмірден өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Тараған мәліметке сәйкес, журналист бір күн бұрын шұғыл түрде жансақтау бөліміне түскен. Кейін оның жүрегі тоқтағаны хабарланды.

Ғалым Сүлеймен – Қазақстандағы спорт журналистикасында ұзақ жыл еңбек еткен журналист әрі комментатор. Ол түрлі спорт жарыстарынан репортаж жүргізіп, әсіресе күрес пен бокс тақырыбындағы сараптамаларымен көпшілікке танылған.

Бұған дейін ол халықаралық және құрлықтық жарыстарда комментатор ретінде жұмыс істеген. Әріптестері оны отандық спортты насихаттауға үлес қосқан тәжірибелі журналистердің бірі ретінде атап өткен.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Тэгтер:

Ғалым Сүлеймен