Өзбекстанның Самарқанд қаласында Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) қолдауымен өтіп жатқан 46-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан әйелдер құрамасы екінші турда Босния және Герцеговина командасын 3:1 есебімен жеңді.
Меруерт Камалиденова мен Елназ Қалиахмет өз партияларында жеңіске жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен тең түсті.
Қазақстанның ерлер құрамасы Нигерия командасын 3,5:0,5 есебімен ұтты.
Денис Махнев, Әлияр Ансат және Жандос Ағманов қарсыластарынан басым түсті. Даниял Сапенов қатысқан партия тең нәтижемен аяқталды.
Екінші тур 18 қыркүйекте өтеді. Кездесулер Қазақстан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы швейцариялық жүйе бойынша өткізіліп жатыр.
Самарқандтағы жарысқа барлығы 400 команда қатысуда. Оның 208-і – ерлер, 192-сі – әйелдер құрамасы. Бұл Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы тарихындағы рекордтық көрсеткіш.