Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
В тобында өнер көрсетіп жатқан Асқар Шалқыбеков шәкірттері Филиппин құрамасымен кездесіп, қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Партиялар 27:29, 26:24, 25:23, 25:19 нәтижесімен аяқталды.
Филиппин құрамасы үшін бұл турнирдегі екінші матч болды. Бұған дейін олар Қытай құрамасынан 0:3 есебімен жеңілген еді.
Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы ширек финалға жолдама алды. Турнир ережесіне сәйкес, әр топтан үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Ал Филиппин құрамасы ширек финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.
18 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі. Бұл матч В тобындағы көшбасшыны анықтайды. Ойын Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.