Жапонияда өтетін ХХ Жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан бокс құрамасының тізімі белгілі болды. Ерлер құрамасында алты боксшы ел намысын қорғайды. Команданың бас жаттықтырушысы – Нұржан Насанов, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан, 60 келіде Оразбек Асылқұлов, 70 келіде Төрехан Сабырхан, 80 келіде Сабыржан Аққалықов, 90 келіде Нұрбек Оралбай, ал +90 келіде Айбек Оралбай сынға түседі.
Әйелдер құрамында 51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбикеева және 75 келіде Наталья Богданова өнер көрсетеді.
Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанда финалдық жекпе-жектермен аяқталады.
Қазақстан уақыты бойынша жарыс кестесі
21 қыркүйек: 08:00 – 90 кг және +90 кг ерлер; 13:00 – 70 кг ерлер.
22 қыркүйек: 08:00 – 51 және 54 кг әйелдер; 13:00 – 55 кг ерлер.
23 қыркүйек: 08:00 және 13:00 – 60 және 80 кг ерлер.
24 қыркүйек: 08:00 және 13:00 – 70 кг ерлер, 51 және 65 кг әйелдер.
25 қыркүйек: 08:00 және 13:00 – 60 және +90 кг ерлер, 54 кг әйелдер.
26 қыркүйек: 08:00 және 13:00 – 55 және 90 кг ерлер, 60 кг әйелдер.
27 қыркүйек: 08:00 – 80 кг ерлер, 54 кг әйелдер; 13:00 – 60 және +90 кг ерлер, 65 кг әйелдер.
28 қыркүйек: 08:00 – 70 кг ерлер, 51 және 75 кг әйелдер; 13:00 – 55 және 90 кг ерлер, 60 кг әйелдер.
29 қыркүйек: 09:00 – жартылай финалдар: ерлер 60, 80, +90 кг; әйелдер 54, 65 кг.
30 қыркүйек: 09:00 – жартылай финалдар: ерлер 55, 70, 90 кг; әйелдер 51, 60, 75 кг.
1 қазан демалыс күні.
2 қазан: 09:00 – финалдар: ерлер 55, 70, 90 кг; әйелдер 51, 60, 75 кг. 13:30 – ерлер 60, 80, +90 кг және әйелдер 54, 65 кг.
Жарыс ұйымдастырушылары кестеге өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертеді. ХХ Жазғы Азия ойындарының ресми ашылуы 19 қыркүйекте өтеді.