Рыбакина сенсациялық жеңіліске ұшырады: Әлемнің 35-ракеткасы қазақстандық теннисшіні жарыстан шығарды

Бүгін, 22:57 / Ахмет Қанатұлы
Artur Widak/NurPhoto via Getty Images. Суретте: Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде 2-орында тұрғанына қарамастан, Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

1/8 финал кезеңінде Рыбакина Филиппин өкілі Александра Эаламен кездесті. WTA рейтингінде 35-орында тұрған Эала қазақстандық теннисшіні екі сетте жеңді – 7:5, 6:4.

Осылайша, Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал оның қарсыласы ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Рыбакина Берлин турнирінің басты фавориттерінің бірі саналған еді. Қазақстандық спортшы турнирде екінші нөмірмен себілген болатын.

Биыл бұл жарыстың жеңімпазы 161 310 еуро сыйақы алып, WTA рейтингінде 500 ұпайға ие болады.

Тэгтер:

Елена Рыбакина Теннис