Атыраудағы қанды қылмыс: ел естімеген тың дерек шықты

25 сәуір, 2026 / Admin
ашық дереккөзден

Атырау облысында бір отбасының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Облыстық прокуратура өкілінің мәліметінше, тергеу барысында оқиғаға басқа адамдардың қатысы анықталмаған. Прокурор көмекшісі Жандар Болатбектің айтуынша, қылмыс күдікті мен жәбірленушілер оңаша қалған кезде, сыртқы араласусыз жасалған.

"Сыртқы күштердің ешқандай ықпалы жоқ. Барлық оқиға күдікті мен жәбірленушілер жеке қалған сәтте орын алған. Басқа тұлғалардың қатысы анықталған жоқ", – деді ол.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты екі және одан да көп адамды өлтіру, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкін иемдену деректері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы күдікті