Ағайынды Оралбайлар мен Сабырхандар алтын үшін таласады: Boxam Elite-2026 турнирінің финалдық жекпе-жектері

Бүгін, 12:17 / Ахмет Қанатұлы
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Төрехан Сабырхан

Бүгін, 7 ақпан күні бокстан халықаралық Boxam Elite-2026 турнирінің финалдық жекпе-жектері өтеді. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының өкілдері де "алтын" жүлде үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары финалда 11 боксшымен бақ сынайды. Оның ішінде екі жекпе-жекте қазақстандық спортшылар өзара кездеседі. Финалдық айқастар Астана уақыты бойынша 19:30-да басталады

Ерлер

Әйелдер

Айта кетейік, Boxam Elite-2026 турнирі 3 ақпанда басталған. Бұл жарыс Қазақстан құрамалары үшін 2026 жылғы алғашқы ресми халықаралық старт болып отыр.

Тэгтер:

Төрехан Сабырхан Бокс Boxam Elite-2026 Boxam Elite-2026 тікелей эфир