17 жастағы футбол жұлдызы Ламин Ямаль 30 жастағы модельмен кездесіп жүр (фото)

Бүгін, 10:34 / Ахмет Қанатұлы
canno73/depositphotos.com/instagram.com/fativazquezd/

Футбол жанкүйерлерін елең еткізген жаңалық – испаниялық "Барселона" клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль мен 30 жастағы модель Фати Васкес арасындағы ықтимал қарым-қатынас туралы мәліметтер тарауда. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін жұптың арасындағы байланыс тек жанама дәлелдер арқылы белгілі болған еді. Мәселен, олар бір мезгілде бір жерде түскен стористерімен бөлісіп отырған. Енді болса, екеуінің бірге жүрген суреттері де жарияланып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Желі қолданушыларының біразы бұл қатынасқа түсіністікпен қараса, енді бірі 30 жастағы модельдің кәмелетке толмаған жасөспіріммен кездесіп жүргенін сынап жатыр.

Тэгтер:

Ламин Ямаль Ламин Ямаль қызы Ламин Ямаль футбол