"Бақыт Сәрсекбаевқа қарсы жекпе-жек": Данияр Елеусінов шұғыл маңызды мәлімдеме жасады

17 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
sportinside.kz коллажы

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке басқа да Олимпиада чемпиондарымен жекпе-жек өткізу ұсынылды. Соның ішінде Бақыт Сәрсекбаевтың есімі аталды. Боксшы бұл ұсыныстарға өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Данияр Елеусіновтің айтуынша, әлеуметтік желіде "егер мықты болсаң, Олимпиада чемпиондарын жекпе-жекке шақыр" деген пікірлер жиі жазылады. Алайда қазіргі таңда кәсіби рингте белсенді өнер көрсетіп жүрген Олимпиада чемпионы – тек өзі ғана екенін алға тартты.

"Кейбіреулер: "Бақыт Сәрсекбаев шықсын" дейді. Бірақ ол қазір, қателеспесем, 90-100 келі тартады. Ал Серік аға (Серік Сәпиев) бірнеше жыл бұрын спорттық мансабын аяқтаған. Үлкен ағаларымды жекпе-жекке шақыру маған дұрыс емес", – деді ол.

Сондай-ақ Данияр Елеусінов тек қазіргі таңда дайындалып, белсенді түрде жарысқа шығып жүрген боксшылармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін атап өтті.

"Мен тек қазір рингте жүрген спортшыларды шақырамын. Бұл – дұрыс шешім деп ойлаймын", – деп қосты ол.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов – Қазақстан боксы тарихындағы соңғы Олимпиада чемпионы. Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларында қазақ боксшылары екі қола жүлдеден еншіледі.

Тэгтер:

Бокс Бақыт Сәрсекбаев Данияр Елеусінов