Спорт

Сүйінші, ағайын! Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен Toyota Land Cruiser 300 көлігі табысталды (ФОТО)

Ахмет Қанатұлы
Сүйінші, ағайын! Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен Toyota Land Cruiser 300 көлігі табысталды (ФОТО)
Фото: ашық дереккөзден

Бокстан Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер Қайрат Сәтжановқа Астанада ерекше құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев тәжірибелі маманға Toyota Land Cruiser 300 автокөлігінің кілтін табыстады. Сонымен қатар федерация тарапынан Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді. Бұл – Қайрат Сәтжановтың отандық боксты дамытуға қосқан көпжылдық еңбегіне берілген жоғары баға.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов Қазақстанның бокс құрамасын екі мәрте басқарды:

  • 2021 жылғы қыркүйек – 2023 жылғы қаңтар;
  • 2024 жылдың тамыз айынан бастап қайтадан бас бапкер қызметіне кіріскен.
Ахмет Қанатұлы