Ораза қай уақыттан басталып, қай уақытта аяқталады: ауыз бекіту мен ауыз ашудың нақты мерзімі

16 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

"Бақара" сүресінің 187-аятында оразаның уақыты нақты көрсетілген. Онда:

"Таңның ақ жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер. Содан кейін күн батқанға дейін оразаны толық орындаңдар" деп баяндалады.

Осы аятқа сүйене отырып, ғұламалар оразаның басталуы мен аяқталуын былай түсіндіреді: ораза таң намазының уақыты кірген сәттен бастап, күн батқанға дейін, яғни ақшам намазының уақыты енгенге дейін ұсталады.

Сақтық мақсатында сәрені таң намазына шамамен 10 минут қалғанда аяқтап, ауыз бекіткен дұрыс. Ал күн батқан соң, ақшам намазының уақыты кіргенде ауыз ашуға рұқсат етіледі.

Бұл мәлімет «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынған.

Тэгтер:

ораза қай уақыттан басталады ораза қай уақытқа дейін ұсталады ораза уақыты ауыз бекіту уақыты ауыз ашу уақыты рамазан оразасы уақыты ораза таңнан кешке дейін ораза қашан басталып қашан бітеді сәресі қашан бітеді ауыз ашу қашан болады ораза қалай ұсталады ауыз бекіту мен ауыз ашу уақыты