"Ұлымның қайғысынан ақша істейтін әке емеспін": Қаржаубай ішкі сырын ақтарды

19 маусым, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Dalanews.kz

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталушылардан түсетін өтемақыны балалар үйіне, мұқтаж жандарға беретінін айтты.

"Ұлымның қайғысынан ақша істейтін әке емеспін. Соттан түскен өтемақыны балалар үйіне немесе мұқтаж жандарға, ауру-сырқау жандарға бергім келеді. Өзімнің қалауым. Мен ештеңе де алмаймын, бұл туралы адвокатым Мейірман ағаға да айтқанмын. 8 айдың ішінде неше түрлі адамды көрдім. Алысым жақын болды, жақыным алыс болды. Маған олардың ақшасы керек те емес", – деді Қаржаубай Нұрымов.