Ораза-2026: Рамазан айы қашан басталады және Ораза айт қай күні өтеді?

14 қаңтар, 2026 / Admin
depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары үшін қасиетті Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялаған ресми діни күндер күнтізбесінде көрсетілген.

Осы күннен бастап мұсылмандар ораза ұстап, рухани тазару кезеңіне қадам басады. 2026 жылы Рамазан айы 19 ақпаннан 20 наурызға дейін жалғасып, Ораза айт мерекесімен аяқталады.

Рамазан айының мәні неде?

Рамазан – ислам күнтізбесіндегі тоғызыншы ай. Бұл кезеңде мұсылмандар таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылып, сабыр мен тақуалықты арттыруға мән береді. Оразаның мақсаты тек аш жүру емес, ең алдымен рухани тазару, өзін-өзі тәрбиелеу, жаман әдеттерден арылу.

Бұл айда мұсылмандар:

2026 жылғы негізгі діни күндер

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметінше, 2026 жылы маңызды діни күндер мына уақыттарға сәйкес келеді:

Айта кету керек, ислам күнтізбесі ай фазасына негізделгендіктен, мерекелердің нақты күні жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.

Ораза қалай ұсталады?

Күнделікті ораза:

Әр қала мен өңірде ауыз бекіту және ауыз ашу уақыты географиялық ерекшелікке байланысты әртүрлі болғандықтан, жергілікті мешіттер жариялайтын кестені басшылыққа алған жөн.

Тэгтер:

Ораза 2026 рамазан 2026 Ораза қашан басталады 2026 Рамазан айы 2026 Ораза айт 2026 Қадір түні 2026 2026 жылы ораза қашан басталады Ораза уақыты кестесі Сәресі мен ауызашар уақыты Қадір түні қашан болады 2026 Ораза ұстау уақыты 2026 Қазақстанда Рамазан қашан басталады