Сүйінші, ағайын! Еркебұлан Тоқтар ел асыға күткен қуанышты хабарын жеткізді (ВИДЕО)

10 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден. Суретте: Еркебұлан Тоқтар

Қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі әрі актер Еркебұлан Тоқтар Нью-Йорктегі әлемге әйгілі Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Бұл жаңалықты спортшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өзі мәлімдеді.

"Осы жылдың соңында Madison Square Garden, иншалла", – деп жазды ол.

Madison Square Garden – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан, спорт пен шоу-бизнес тарихындағы ең ірі оқиғалар өткен атақты кешен. Осы себепті арена әлемге "The World’s Most Famous Arena" – "Әлемдегі ең атақты арена" деген атаумен танымал.

Даңқты боксшы Геннадий Головкин де Madison Square Garden сахнасында әлемдік деңгейдегі титулдық айқас өткізген.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жылдары медиа-жекпе-жектерде кеңінен танылып, жанкүйерлердің назарын өзіне аударып жүр. Ол соңғы кездесуін 27 желтоқсанда Ташкент қаласындағы Хумо Арена спорт кешенінде өткізді. Сол жекпе-жекте қазақстандық спортшы өзбекстандық Тимур Никулинмен кездесіп, айқасты бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқтаған болатын.

Тэгтер:

Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden Нью-Йорк