"Жын кірді деп ары-бері тасыды": Атыраудағы трагедияға қатысты ел естімеген шындық мәлім болды

9 қаңтар, 2026 / Admin
smartnews.kz коллажы

Атыраудағы резонансты қылмысқа байланысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа мәліметтер жария болды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің дерегінше, күдіктінің жұбайы Ақбаян 30 жаста, бес баланың анасы. Ол кенже перзентін өткен жылы дүниеге әкелген. Ақбаянның әпкесі Әсиләның айтуынша, жүктілікке дейін бірнеше рет операция жасатып, денсаулығы қатты әлсіреген.

"Әпкесі Әсилә "Жүктілік алдында бірнеше рет операция жасап, денсаулығы әлсірегенін айтады. 5-шісін босанған соң мінезі күрт өзгеріп, послеродовой депрессияға түсті. Жүйкесі тозған, әбден шаршаған, бір нәрсе айтсаң мәңгіп басқа нәрсе ойлап тұрады. Жағдайы күннен күнге күрделенуде, бір сөзбен өзіне өзі ие емес. Күйеуі жын кірді деп оны әрлі-берлі тасып жүрді. Біздің әу баста іздемеген себебіміз де осы, баяғы емге кетті деп ойладық…" деп көзіне жас алды Әсилә апай. Өте қиын жағдай…" – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Тэгтер:

отбасы Атырау облысы жоғалған отбасы