"Ақбаян психдиспансерде есепте тұр": Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерек тарады (ФОТО)

9 қаңтар, 2026 / Admin
kznews.kz коллажы

Атыраудағы резонансты оқиғаның мән-жайын зерделеу үшін аймаққа арнайы барған журналист Жанат Молдашова көпшілікке бұрын беймәлім болған деректерді бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист Instagram желісіндегі ресми парақшасында күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына қатысты ақпарат жариялаған. Оның айтуынша, бұл мәлімет ресми органдар арқылы нақтыланған.

"Полиция аса ауыр қылмысқа күдікті Сұлтан Сәрсемалиев екенін бүгін ғана ресми жариялады. Әйелі Ақбаян Мұқанғалиева психдиспансерде есепте тұр. Осыған дейін құзырлы органдар Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев денсаулығына байланысты еш жерде есепте жоқ деп еді. Бүгін Ақбаянның жүйке ауруына шалдыққанын, есепте тұрғанын Денсаулық сақтау басқармасынан білдім", – деп жазды журналист.

Аталған ақпаратқа қатысты ресми органдар әзірге қосымша түсініктеме берген жоқ. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Тэгтер:

отбасы Атырау облысы жоғалған отбасы Ақбаян Мұқанғалиева Сұлтан Сәрсемалиев