Бүгіннен бастап "Ақтөбе" футбол клубы Qazaq Stroy Properties компаниясының жеке меншігіне өтті. Жаңа иелік клубты ұзақмерзімді даму стратегиясы бар, тұрақты әрі жүйелі спорттық жоба ретінде дамытуды көздеп отыр, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Компания басшылығы алдағы кезеңге бірқатар нақты міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда, клубтың спорттық нәтижелерін кезең-кезеңімен жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, академия мен инфрақұрылымды жаңғырту, басқару жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жанкүйерлермен ашық әрі сенімді байланыс орнату басты бағыттардың қатарында.
Клубтың жекеменшікке өтуі "Ақтөбе" жанкүйерлері тарапынан жағымды жаңалық ретінде қабылданды. Осыған байланысты жанкүйерлер клуб тарихындағы жаңа әрі маңызды кезеңде команданы бұрынғыдан да жоғары деңгейде қолдайды деген сенім білдірілді.