Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты болжам жасаған танымал экстрасенс Камрян Самедов бұл оқиға жөнінде көңіл көншітпейтін мәлімет айтқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбілқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
Журналистің мәліметінше, экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты үміт сыйлайтын дерек келтірмеген. Айтылған ақпараттың мазмұны тым ауыр болғандықтан, оның толық нұсқасы көпшілікке жария етілмеген.
"Белгілі экстрасенс Камрян жоғалған отбасы жайлы жағымды ештеңе айтпады. Қорқынышты… Мұндай ақпаратты жұртқа жеткізуге менің де жүрегім дауаламады", – деп жазды журналист.
Сонымен қатар, бұл іске байланысты өзге көріпкел Айгүл де пікір білдірген. Оның айтуынша, жоғалған қыз баланың сол аумақтан табылуы мүмкін.
"Кеше қаралы хабарды естідім, иманды болсын. Менің көруімше, қыз бала да сол маңда. Қазір үш адамды көріп тұрмын. Ал ер балаға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын", – деді ол.