"Ақтау арқылы шетелге ұшып кеткен" – Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты тосын дерек шықты (ВИДЕО)

8 қаңтар, 2026 / Admin
Arasha.kz коллажы

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында орын алған резонансты оқиғаға байланысты жаңа әрі түсініксіз деректер пайда болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аймақтағы ахуалды арнайы зерттеуге барған журналист Жанат Молдашова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жаңа бейнежазба жариялап, бір-біріне қайшы келетін мәліметтерге назар аударды.

"Мына жағдайды түсінбей отырмын. Дүйсенбі күні полиция департаментінің бастығы сұхбат берген кезде "күйеу бала мен қыз Шымкенттегі Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп кеткен" деген еді. Ал кеше туыстарымен сұхбаттасып тұрған кезде оларға "Ақтау арқылы ұшып кеткен" деп айтқан. "Қыз бен күйеу бала сол жердегі бейне камераларға түсіп қалған. Көрдік. Бізде ақпараттар бар" депті. Енді бұл қалай? Кеден бекеті арқылы Өзбекстанға өтті ме? Ақтау арқылы шетелге ұшты ма? Қалай болып кетті? Осыны түсіне алмай отырмыз. Полиция департаменті осыған байланысты ресми ақпарат беретін болар", – деді Жанат Молдашова. 

Тэгтер:

Атырау отбасы Ақтау жоғалған отбасы