"Ол мені жеңе алмайды": Данияр Елеусінов актер Еркебұлан Тоқтар туралы шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Ол мені жеңе алмайды": Данияр Елеусінов актер Еркебұлан Тоқтар туралы шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

фото: sportinside.kz коллажы. Суретте: Еркебұлан Тоқтар мен Данияр Елеусінов

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов танымал актер әрі поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтармен болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Биыл шаршы алаңға небәрі бір рет шыққан қазақстандық боксшы медиялық тұрғыдан танымал қарсыласпен жұдырықтасуға түбегейлі қарсы емес екенін айтты. Қазіргі таңда Еркебұлан Тоқтар – Қазақстандағы поп-ММА бағытындағы ең танымал есімдердің бірі.

YouTube-тағы SauBall арнасына берген сұхбатында Елеусінов мұндай жекпе-жекке тек коммерциялық тұрғыдан қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның айтуынша, спорттық мағынада бұл кездесудің құндылығы жоқ.

"Танымал спортшылардың медиа-файтерлермен жұдырықтасуы Америкада жиі кездеседі. Егер Еркебұлан Тоқтармен жекпе-жек ұйымдастырылса, табыс жағынан – иә, келісуге болады. Бірақ спорттық тұрғыдан қызық емес. Себебі ол мені жеңе алмайды", – деді Олимпиада чемпионы.

34 жастағы боксшының сөзінше, мұндай айқас оның кәсіби мансабына айтарлықтай үлес қоспайды. Дегенмен, медиялық қызығушылық пен қаржылық пайда тұрғысынан тиімді болуы мүмкін екенін жасырмады.