Түркістандағы тас-түйін жиын: Қазақстан бокс құрамасы үлкен дайындықты бастап кетті

6 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Ақорда

Бокстан Қазақстанның ұлттық бокс құрамасы 2026 жылдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

Ұлттық құрама боксшылары Түркістан облысында бас қосып, алдағы құрлықтық додаға дайындықтың алғашқы кезеңіне кірісті. Айта кетейік, Азия чемпионаты биыл наурыз айында Моңғолияның астанасында өтеді.

Федерация мәліметінше, 20 күнге жоспарланған оқу-жаттығу жиынына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 50 спортшы қатысып жатыр. Олар осы уақыт аралығында физикалық және функционалдық дайындығын арттырып, күш пен төзімділік қорын жинақтауға, сондай-ақ алдағы жарыстарға қажетті жүктеме базасын қалыптастыруға басымдық береді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы рет желтоқсан айында IBA ұйымдастырған әлем чемпионатына қатысып, үш алтын медаль жеңіп алған болатын.

Тэгтер:

Бокс Азия чемпионаты ұлттық құрама