"Ол жек көретін": Головкиннің бұрынғы бапкері боксшы туралы ел естімеген шындықты айтты

5 қаңтар, 2026 / Ахмет Қанатұлы
ашық дереккөзден

Ұзақ жылдар бойы Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істеген бапкер Абель Санчес GGG-нің АҚШ-қа қоныс аударғаннан кейін неге дәл оның залын таңдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Головкин мен Санчес тоғыз жыл бойы бірлесіп еңбек етіп, 2019 жылы ынтымақтастықты тоқтатқан.

"Алғаш рет кездескенге дейін Геннадий Лас-Вегаста Роберт Гарсияның залында болып көрді, сондай-ақ Лос-Анджелеске де барған. Оның Биг-Бэрде қалу шешіміне мен тікелей себеп болдым деп айта алмаймын. Оған бұл залдың "өзінікі" екені ұнады. Геннадий жаттығу кезінде залда адам көп болғанын жек көретін. Сондай-ақ бокстан түк түсінбейтін адамдардың ақыл айтуын да мүлде ұнатпайтын. Ол нағыз кәсіби спортшы еді. Адам көп жиналатын, лық толы залдар оған жақпады. Біздің шағын қалашық оған туған жерін еске салды: сол сияқты ағаштар, ормандар, оқшау орта. Үйдің жоғарғы қабатындағы бір қанатты түгел өзі иеленгені де ұнады. Жеке кеңістігі жеткілікті болды. Иә, бұл менің залым еді, бірақ белгілі бір деңгейде оның да мекені секілді болатын. Сондықтан ол мұнда екінші рет келгенде, бірден қалуға шешім қабылдады", – деп бөлісті Санчес Boxing News-ке берген сұхбатында.

Тэгтер:

Бокс Геннадий Головкин жаттығу Абель Санчес