Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жаңа видео тарады

3 қаңтар, 2026 / Admin

Threads желісінде тараған видеода мүгедек арбасында отырған әзілкеш Тұрсынбек Қабатов көрінеді. Видеомен оны сүйреп жүрген екінші әйелі Айман Талғатқызы бөліскен. Видео астындағы жазбаларда түрлі ирониялы әрі ауыр пікірлер қалдырылған.

Комментарийлерде «5 баланың көз жасы шығар», «Тұрсынбек арбаға таңылып қалды ма, жақында ғана концерт беріп жүр еді ғой», «Мекке видео түсіретін жер ме?» деген секілді сыни пікірлер жазылған.

Көпшілік қасиетті жерде түсірілген видеоны мазаққа айналдыру да, адам тағдырына қатысты дәлелсіз жорамал жасау да – орынсыз әрекет екенін айтуда.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов