Еркебұлан Тоқтар Ташкентте әлемнің үздік боксшысымен кездесті (ФОТО)

Еркебұлан Тоқтар Ташкентте әлемнің үздік боксшысымен кездесті (ФОТО)

фото: instagram.com/erkebulan_toktar. Суретте: Еркебұлан Тоқтар

Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде ММА шебері әрі актер Еркебұлан Тоқтармен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кеше Ташкентте өткен бокс кешінде Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық боксшы Тимур Никулинді жеңіп, айқын басымдықпен көзге түскен еді. Бұл жекпе-жек "Хумо-Аренада" өткен бокс кешінің басты айқасы болды.

Алты раундқа жоспарланған кездесу бірінші раундтың 72-секундында аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, сол күні World Boxing Махмұд Сабырханды жанкүйерлер дауыс беруі бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы деп ресми түрде таныды. Ол бес үміткердің арасынан озып шықты, олардың екеуі өзбекстандық боксшылар болған.