Еркебұлан Тоқтар өзбек спортшысына өз жерінде 1 минуттың ішінде сұлатып тастады (ВИДЕО)

Еркебұлан Тоқтар өзбек спортшысына өз жерінде 1 минуттың ішінде сұлатып тастады (ВИДЕО)

фото: Octagon. Суретте: Еркебұлан Тоқтар

Қазақстандық актер әрі жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар Ташкент қаласында өтіп жатқан ALL STARS TASHKENT турнирінде жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Ол рингте өзбекстандық Никулин Исроиловпен жұдырықтасып, жекпе-жектің алғашқы раундында қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Еркебұлан Тоқтар кездесуді бір минутқа жетер-жетпес уақытта аяқтап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін ол рингте көрермендерге арнап сөз сөйлеп, Ташкенттегі атмосфераның ерекше болғанын атап өтті.

"Ассалаумағалейкум, Ташкент! Бұл қалада өзімді үйімде жүргендей сезіндім. Рахмет! Маған "кіммен жұдырықтасасың?" дегенде, ол мені таңдаған екен. Өз тарихына жазғысы келген шығар. Бірақ мен оны өз тарихыма жазып алдым", — деді Еркебұлан Тоқтар.