Илья Ильиннің ізбасарлары әлемдік додада 5 алтын медаль жеңіп алды

26 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz

Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен халықаралық турнирде Қазақстанның ауыр атлетика құрамасы табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз жалпы бес медаль еншілеп, оның төртеуі алтын, біреуі күміс болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Алтын жүлдені келесі спортшылар иеленді: Ақмолда Сайрамкез (65 кг дейін), Аянат Жұмағали (77 кг дейін), Сания Орманбаева (86 кг дейін), Акерке Байманап (86 кг-нан жоғары).

Ал Марта Давлетиярова (77 кг дейін) күміс жүлдемен жарысты аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Бішкектегі халықаралық бәсекеде медаль саны мен сапасы жағынан жоғары нәтиже көрсетті.

Тэгтер:

ауыр атлетика Қырғызстан