фото: instagram.com/kuat__khamitov. Суретте: Қуат Хамитов
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Арменияның астанасы Ереванда өтетін Hype FC турниріне арнайы шақырту алды. Ресми ақпаратқа сәйкес, жарыс 30 желтоқсанда өтеді және қазақстандық спортшы кештің жүргізушісі қызметін атқарады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Турнирдің басты жекпе-жегінде UFC ұйымының танымал өкілдері кездеседі. Атап айтқанда, жеңіл салмақта UFC рейтингінің көшбасшыларының бірі, армениялық Арман Царукян және дағыстандық орта салмақ файтері Шарабутдин Магомедов татамиге шығады. Айқас бразилиялық джиу-джитсу ережесі бойынша өтеді, ал жеңімпаз 84 келіге дейінгі салмақтағы Hype BJJ чемпиондық белбеуін иеленеді.
Айта кету керек, Қуат Хамитов бұған дейін Мәскеуде өткен ACBJJ20 турнирінде Арман Царукянмен бір кардта өнер көрсеткен. Сол жарыс барысында қазақстандық файтер UFC өкіліне ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастаған болатын.