Түркиялық атақты клуб "Қайраттың" қаһарман қақпашысына құда түсіп жатыр

25 желтоқсан, 2025 / Ахмет Қанатұлы
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Темірлан Анарбеков

Түркиялық ойыншылар мен матчтарды талдауға маманданған жаттықтырушы-скаут Әли Эмре алматылық "Қайраттың" 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков Стамбұлдың "Фенербахче" сапына ауысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның пікірінше, егер клубтың қазіргі қақпашысы Ифран Джан Эгрибаят командадан кетсе, оның орнын Темірлан Анарбеков лайықты түрде баса алады.

"Қазіргі таңда ол Чемпиондар лигасындағы ең үздік үш қақпашының қатарында. "Қайрат" сапында бірнеше өте жақсы матч өткізді. Бельгияға қарсы ойында тарихи ірі есептегі жеңілістің алдын алды. Егер ол қазақстандық емес, бразилиялық болғанда, оны 10-15 миллион еуроға да алу мүмкін болмас еді", – деп жазды Әли Эмре X әлеуметтік желісінде.

Тэгтер:

футбол Қайрат қақпашы Темірлан Анарбеков Әли Эмре