"Ол әлі жүрегімде тұр": Баян Мақсатқызы бірніші күйеуі туралы шындықты ашып айтты (ВИДЕО)

24 желтоқсан, 2025 / Admin
instagram.com/bayanmaxatkyzy. Суретте: Баян Алагөзова

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы жұбайы Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы жайында ашық пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жанар Айжановаға берген сұхбатында продюсер қазір экс-күйеуімен мүлде араласпайтынын айтты. Дегенмен, оның сөзінше, балалар мен немересі әкесімен, атасымен байланысын үзбеген.

"Мен ол кісімен араласпаймын. Бірақ балаларым араласады. Ондай керемет әкені көрген емеспін. Немересі тіпті менен бұрын оған барып тұрады екен, "ата" деп атайды. Қызымның айтуынша, ол үнемі сыйлық пен жеміс-жидек алып барып тұрады", – деді Баян Мақсатқызы.

Сұхбат барысында ол ажырасу кезеңінің өз өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын да еске алды. Продюсердің айтуынша, сол жағдайдан кейін бұрынғы күйеуін толық кешіре алды ма, жоқ па – бұл сұраққа өзі де әлі нақты жауап таба алмай жүр.

"Шынын айтсам, бұл сұраққа дәл қазір нақты жауап бере алмаймын. Біздің ажырасуымыз интеллигентті түрде өткен жоқ. Егер бәрі сабырмен, сыпайы жағдайда аяқталғанда, мүмкін бәрі басқаша болар ма еді. Оны толық кешірдім бе, жоқ па – білмеймін, әлі де өзіме осы сұрақты қойып жүрмін. Бұл – жүрегімде қалған дүние. Бірақ мен ренішпен өмір сүргім келмейді. Балаларыма да, бұрынғы күйеуіме де өкпе артпаймын. Барша адамға шын жүректен бақыт тілеймін", – деп түйіндеді ол.

Тэгтер:

видео Баян Алагөзова Жанар Айжанова Бақытбек Есентаев