Танымал ММА файтері Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын-соңды ешім естімеген деректі айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Бір кездері, 2012 жылы бір қызға ғашық болдым. Бірақ сезімімнен бас тартып, мансапты таңдадым. Қазір өткенге көз жүгіртсем, сол таңдауыма өкінетіндеймін…" – деп жазды Қуат Хамитов Threads желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, жуырда "Найман" лақап атымен танымал спортшы болашақ отбасылық өмірі мен ықтимал қалыңдығы туралы да ой қозғаған болатын.
Қуат Хамитов бүгінге дейінгі соңғы жекпе-жегін 18 желтоқсанда өткізді. Мәскеуде өткен ACBJJ20 турнирінде бразилиялық джиу-джитсу ережелері бойынша ол ресейлік Рашид Магомедовты төрешілердің шешімімен жеңді.