Ресейдің "Крылья Советов" командасының бас бапкері Магомед Адиев кезінде "Ақтөбе" клубының тізгінін не себепті қолға алмағанын айтты, деп Sportinside.kz тілшісі ASnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Ол кезде мен Грекиямен болатын матчқа дейін ұлттық құрамаға толық назар аударғым келетінін айттым. Алдымен сол ойындардың қалай өтетінін көрейік, содан кейін шешім қабылдаймын деп ұсындым. Өкінішке қарай, Грекияға қарсы матч өте сәтсіз өтті, дегенмен дайындыққа барынша жауапкершілікпен қарадық. Ал сол ойынан кейін "Ахмат" клубынан ұсыныс келді, оны өздеріңіз білесіздер, қабылдадым", – деді Адиев.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Магомед Адиев Қарағандының "Шахтер" клубын және елдің ұлттық құрамасын жаттықтырған. Биылғы жылдың ортасынан бастап ол Самара қаласының командасында жұмыс істеп келеді. Адиевтің "Крылья Советов" клубымен келісімшарты келесі жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.